Жаңалықтар

     Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінде «Тәуелсіздік-тұғырым»  тақырыбында  «Айгөлек» балабақшасы бүлдіршіндерінің қатысуымен музейлік сабақ өткізілді.

2019 ж.13 желтоқсанда №6 Жезді ЖББТМ РО  акт залында мектеп музейінің жетекшісінің ұйымдастырумен Тәуелсіздік күніне орай мазмұнды іс шара өтті. Шараны ұйымдастыру барысында музей жетекшісі Г.Абылаева Жезді музейімен бірлесіп, Тәуелсіздік мерекесінің мазмұнын ашатын тақырыптық лекция ұйымдастыруды ұсынды.

Аталған конференцияға қатысушылар Жезді музейі экспозициясымен танысып, аралас мектеп-интернатының «Өлкетану» курсы жетекшісі А.Қыдырманова және музей қызметкерлерінің қатысуымен «Сәтбаевтың дара жолы» тақырыбында музейдің көрме залында тәрбие сағатын өткізді.

2019 жылдың 7-8 қараша күндері өткен «Индустрия – 4 STEAM білім берудегі технологиялар» атты Ө.Байқоңыров атындағы ғылыми-практикалық конференция шеңберінде Жезді кенті мектептерінің «Өлкетану» курсы сабақтары М.Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі базасында өтті.

М.Төрегелдин атындағы Жезді кетіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің «Ә.Х.Марғұлан және дала мәдениеті» тақырыптық көрмесі Сәтбаев қаласы Ш.Ділдебаев музейінің көрме залында 2019 ж. 11 қарашадан бастап өтіп жатыр.

Қазақстанның археология және этнография мектебінің негізін қалаушы, энциклопедист ғалым Ә.Х.Марғұланның туғанына 115 жыл. Ә.Марғұлан ұлт тарихын зерттеуге құлай беріліп, өз еліне адал қызмет етуді мұрат тұтты.

18 қазан  М.Төрегелдин  атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінде  Қазақстандағы Рухани келісім күніне арналған «Жездінің көпұлтты бейнесі» көрме-кездесуі  болып өтті.