Биыл  ХХ  ғасырдың ең ірі оқиғасы Екінші  дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толады.  Бұл әрбір ұлттың, әрбір ауылдың, әрбір отбасының тағдырына өшпестей із қалдырған оқиға.


Ұлы Жеңістің 75 жылдығына 75 күн қалды. 24 ақпан, 2020 жыл.        

 

       Биыл  ХХ  ғасырдың ең ірі оқиғасы Екінші  дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толады.  Бұл әрбір ұлттың, әрбір ауылдың, әрбір отбасының тағдырына өшпестей із қалдырған оқиға.

       Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ірге көтеріп, майдан үшін, жеңіс үшін өмір сүрген ауылдың бірі –  Жезді кенті.  24 ақпан күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығына 75 күн қалғанына байланысты  «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз» патриоттық акциясы аясында музейдің  ардагерлер аллеясында іс-шара өткізілді.  Жеңіс шеруінің  ардегерлер аллеясынан бастау алуы заңдылық. Себебі, 2000 жылы 1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 55 жылдығына орай дәл осы аллеяда соғыс ардагерлері өз қолдарымен  55 ақ қайың көшеттерін отырғызып, жас ұрпаққа аманат етіп қалдырған болатын. Сол уақыттан бері жыл сайын Жеңіс күні қарсағында ұрпақтар сабақтастығы мен мен жалғастығының куәсі болған  ақ қайыңдар аллеясында  «Дәстүрлі ұрпақтар кездесуі» өтеді. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығында  Ұлы Отан соғысы ардагерлері отырғызған аллеяға да 20 жыл толды.  Аллеяда басталған іс-шара Қ.И.Сәтбаев атындағы өндірістік музейімен бірлесіп қойған отты жылдар көрмесіне ұласты. Көрмеден кейінгі өткен кездесу кешіне мектеп оқушылары қатысты. Кездесуде тыл ардагерлерінен оқушыларға дейінгі төрт буын өкілдері алма кезек ашық пікір алмасты. Бейбіт күн мен тәуелсіздіктің әрбір атқан таңы үшін біз әкелеріміз бен ағаларымыздың ерлігіне қарыздармыз және мәңгілік бас иемз.