МӘКЕН ТӨРЕГЕЛЬДИН
(1923-2006 ж.ж.)
Мәкен Төрегельдин 1923 жылы 9 мамырда Ұлытау ауданы Қарсақбай кенті Бәреке елді мекенінде дүниеге келді.
1939жылы 16 жасында Одақтағы (СССР) мыс өндірісінің тұңғышы – мемлекеттік Қарсақбай мыс қорыту комбинатында еңбек жолын бастады. Комбинаттың бас геологы Қ.И.Сәтбаев басқарған геологиялық – барлау конторында қатардағы жұмыскер, коллектор, лаборант үйренушісі болып жұмыс істеді.
1942 жыл, февраль – Еріктілер (добровольцы) қатарында Ташкентке көшірілген Қызыл Тулы Харьков Әскери-химиялық училищесіне жіберілді.
Ұлы Отан соғысы жағдайына орай училищені жеделдетілген программамен үздік бітіріп, 19 жасында отқа оранған Сталинградты қорғауға қатысты.
1946 жыл – Соғыстан елге оралғаннан кейін Қарсақбай заводында, № 3 мектепте әскери тәрбие жөніндегі жетекші болды.
1947 жыл – Қазақстан ЛКСМ Жезқазған аудандық комсомол комитетінің секретары.
1948 жыл, март – 1952 ж. июнь – Еңбекшілер депутаттары Жезқазған аудандық Советі атқару комитетінің секретары.
1952 жыл, июль – 1955 жыл. Март – «Уралчерметразведка» тресі Свердловск геологиялық-барлау экспедициясы бастығының орынбасары.
1955 жыл, март – 1956 жыл, ноябрь – Жезқазған аудандық жоспарлау комиссиясының председателі.
1956 жыл ноябрь – 1962 жыл март – Еңбекшілер депутаттары Жезқазған аудандық Советі атқару комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
1962 жыл март – 1968 жыл ноябрь – Жезді-Ұлытау ауданаралық колхоз-совхоз өндірістік басқармасының бірінші орынбасары.
1968 жыл декабрь – 1970 жыл февраль – Жетіқоңыр ірі қой шаруашылығы совхозының директоры.
1970 жыл март – 1985 жыл ноябрь – Қазақстан Компартиясы Жезді аудандық комитетінің бірінші секретары.
1986 жылы август -1988 жыл – Жезқазған облыстық тарихи - өлкетану музейінің Жездідегі өлке тарихын зерттейтін ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі.
1989-2006 ж.ж. тау-кен және балқыту ісі тарихы облыстық музейінің директоры. Бұл музей тақырыптық экспозициясы, зерттеу, көрсету объектісі жөнінен алғанда мамандардың пікірінше Қазақстандағы және Орта Азия мемлекеттеріндегі бірден-бір музей. Музейдегі барлық үлкен, кіші кұнды экспонаттар, бағалы тарихи құндылықтар мемлекет есебінен ешқандай қаржы жұмсалмай жекелген азаматтар, өндірістер, ұйымдардың тартуы есебінде жинақталған.
Наградалар жөнінде мәлімет. Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет Белгісі», I.II дәрежелі Отан соғысы ордендері, Қазақстан және Советтер Одағының 18 медалі, Қзақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының екі Құрмет Грамотасы, Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен берілген «Ерен еңбегі үшін» (1995ж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдары. Қазақстан Компартиясының XIV, XV,XVI съездеріне, 1987 ж. Республика ардагарлерінің тұңғыш құрылтай съезіне делегат болып қатысты. 1996 ж Республика ардагерлерінің құрылтай съезіне қатысып, Республика ардагерлер Советі орталық кеңесіне мүше болып сайланды. 1992 жыл «Жезді ауданының Құрметті азаматы», 1998 жылы «Ұлытау ауданының Құрметті азаматы» құрметті атақтары берілді. 2001 ж. бері Ө.Байқоныров атындағы Жезқазған университетінің Құрметті профессоры.
1984 ж. «Кадрлар – алтын қорымыз», 1998 ж. «Мәнгілік мұра», 2003 ж. «Вечное наследие» кітаптары жарық көрді. «Менің парызым. Мой долг» эссе естеліктер жинағы 2006 ж. баспадан шықты.
Сол сияқты ел басқару ісіне араласып жүрген кезеңдерде республикалық, облыстық газеттерде 100-ден астам ғылыми негіздегі мақалалары жарияланды. Оларда негізінен әлеуметтік проблемалар, алыс елді мекендерді электрлендіру, суландыру, почта, байланыс құралдары, телехабарлар тарату мәселелері қойылып, дер уақытында шешімдерін тапты. Жезді ауданы көп жылдары республика көлемінде ғана емес, одақ бойынша жоғары рентабельді, шаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған аудан атағына қол жеткізілді
Ол басқарған 16 жылда Жезді ауданы шаруашылық-экономикалық жағынан, мәдени-әлеуметтік ахуалы жөнінен республикадағы алдыңғы қатарлы аудандардың бірі болды. Жезді ауданының ІХ, Х, ХІ бесжылдықтардағы табысты өркендеуі тікелей М.Төрегельдиннің басқарушылық, ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасы деп айта аламыз. 1982-86 жылдары Жезді ауданы үш рет Одақтық, республикалық деңгейдегі ең үздік белгі – Ауыспалы Қызыл Тумен марапатталды. Ал он бірінші бесжылдықта аса үздік табыстарға жеткені үшін аудан Қазақ ССР-нің Алтын Құрмет кітабына жазылды.
М.Төрегельдин республика мәдениеті мен музейтану саласындағы еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» құрметті атағымен марапатталған. 2004 ж. «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Жезді, Ұлытау аудандары, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Құрметті профессоры Мәкен Төрегельдин өмірінің соңына дейін өзі ұйымдастырған мұражайды басқарып, мұражай саласының мамандарын тәрбиелеу, ата мұрамызды насихаттау, жинақтау ісіне үлес қосты.