М.Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінде ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Мәжіліске ғылыми кеңестің мүшелеріқоғам қайраткеріСағындық Қожамсейітов, Жезді кентіардагерлер кеңесінің төрағасы Рүстем Төрегелдин, Қарсақбай кентінің ардагері, «Асыл мұра» облыстық өлкетанушылар ұйымының мүшесі Тоңболат Мұқанов, Жезқазған қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінің маманы, археолог Арман Бермағанбетовтер қатысты. Сол сияқты жиынға аралас мектеп интернатыдиректорының міндетін атқарушы Шәріп Бекетов, жергілікті мектептердің тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Аталмыш отырыста музей басшысы Зейпін Қазанбаева өткен жылда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, ағымдағы жылдың ауқымды іс-шара жоспарыментаныстырды. Музейдің негізгі бағыттары ғылыми-іздестіру, көпшілік-экскурсия және қор толықтыру салалары болғандықтан, осы жұмыстарға айырықша мән беру керектігін атап өтті. Өз кезегінде ғылыми кеңестің тұрақты мүшесі өлкетанушы, жураналист Сағындық Үсенұлы Қожамсейітов аймақтың орта ғасырлардағы өндіріс ошақтарының картасын түзу, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне қатысты құнды жәдігерлер мен деректерді жинастыруды жалғастыру керектігіне тоқталып, музейдің жасалып жатқан жұмыстарына оң баға берді. Ғылыми кеңес мүшелері Рүстем Төрегелдин, Тоңболат Мұқанов өлке тарихын зерттеу ісіне деректану мәселелеріне, өлкеге белгілі тұлғаларға қатысты заттай құндылықтар жинақтау, музейдің туристер үшін тартымдылығын арттыру мәселелеріне көңіл аударды. Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты Шәріп Бекетов мектептерде өлкетану сабақтарын жетілдіру, мектеп-музейлерінің тақырыптық-экспозициялық құрылымын қалыптастыруда музей мамандарынан көмек қажет екендігін атап көрсетті. Сол сияқты қоғам қайраткері, Жезді музейінің іргесін қалаушы Мәкен Төрегелдиннің туғанына 100 жыл толу қарсаңында оның еңбектерінің ғылыми басылымын даярлау жөнінде ұсыныстар айтылды.