2020 жылдың қаңтар айында Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің  ғылыми қызметкері, археолог А.Ш. Искаковтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1059 қаулысымен бекітілген «Ұлық Ұлыс» (Алтын Орданың) 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 10-тармағында көрсетілген «Жошы хан» кесенесінің жанында туристік кешен салуға орын таңдау мақсатында арнайы сапар ұйымдастырылып, кесене маңын барлау жүргізілді.

Жезқазған тарихи археологиялық музейінде Алтын Орда -750 жылдығына арнайы  өткізілген дөңгелек столға музей басшысы, археолог мамандар қатысы. Археолог А.Искаков   Ұлытау – Жезқазған өңірінің Алтын Орда кезеңі ескерткіштері туралы деректермен бөлісіп, атаулы тарихи орындарда  жүргізілетін жұмыстарға тоқталды.

 

Алтын орда дәуірінің ескерткіші Болған ана кесенесінде жаздық зерттеу маусымында жүргізілген археологиялық зерттеулер жайлы деректер жарық көрді.