Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 21.12.1988 жылғы № 285-р Жарлығы бойынша ұйымдастырылған. Мұражай қоры 1986 - 1988 жылдары жергілікті өлкетанушы М.Төрегелдиннің бастамасымен Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімі болып ашылған кезеңінен жинақтала бастаған. Мұражай Сарыарқаны басып өтетін ежелгі керуен жолдары мен орта ғасырлардағы Ұлы Жібек жолының Ұлытау арқылы Ресейге шығатын маңызды тармағында орналасқан.

Өзінің тақырыптық ерекшілігі, экспозициясының құрылымы, жәдігерлерінің құндылығы жөнінен Орта Азия, ТМД елдерінде кездеспейтін бірегей орталық болып есептеледі.

Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау – кен және балқыту ісі тарихы музейінің ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті.

Жезді марганец кеніші 1942 жылы, соғыс жағдайында өте қысқа мерзімде іске қосылған өндіріс ретінде тарихта мәңгілікке қалды.

Мыңдаған адамның тынымсыз еңбегімен 38 күн мен түнде майданға керек техниканың құрыш сауытын құятын марганецті берген Жезді кенішінің тарихында КСРО-ның саясатында саяси қуғын-сүргін аталған кезеңнің іздері бар. Кар Лагтың бір нысаны «Степлаг» тұтқындары марганец руднигін, бүгінгі Жезді кентінің көптеген ғимараттарын салуға үлес қосты.

Зерттеушілер деректері 2300-ден астам тұтқындар Жезді кенішінде еңбек еткен дейді. Бүгінде ауылымыздың солтүстік батысында сақталған тұтқындар лагерінің қирандылары сол зұлматтың жылдар белгісі.

Жезді музейі мамандары аудан әкімі орынбасары, кент әкімінің және сол тарихи оқиғалар куәсі болған ауыл ақсақалының қатысумен тұтқындар лагері орнында болып, өткен күннің белгісін сақтап, ұрпаққа жеткізу жайлы пікір алмасты.