Биыл ХХ ғасырдың ең ірі оқиғасы екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толады. 2025 жылғы 19 ақпанда «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында Жезді музейінде көрме-кездесу өтті.
Ұлытау облысы мәдениет басқармасының Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар жоспарына енгізілген кездесу Жезді кентінде бастау алуы үлкен жауапкершілік. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ірге көтеріп, майдан үшін, жеңіс үшін өмір сүрген ауылдың бірі – Жезді кенті.
Облыс деңгейіндегі алғашқы іс-шара Жезді музейінің ардагерлер аллеясында 1941-1945 ж.ж. екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске 80 күн қалды» кері есептеу күнтізбесінің ашылуымен басталды.
Іс-шараға Ұлытау обл. ардагерлер кеңесі төрағасы С.Қожамсейітов, Ұлытау обл.мәдениет басқармасы басшысы М.Еренғайыпұлы, әскери қызмет ардагері М.Райымбеков, Ұлытау обл. қорғаныс істер департаментінен Е.Өткелбаев, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары А.Қайырбекұлы, Ұлытау ауданы қорғаныс істер департаменті басшысы Д.Сәрсенбаев, Ұлытау ауд. мәдениет бөлімі басшысы Н.Қасымбеков, Ұлытау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ташенов, Жезді және Қарсақбай кентінің ардагерлері, Ұлытау обл. мәдениет мекемелері, облыстық музейдің өкілдері, Ұлытау ауд. «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Д.Жұманов, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Кездесу барысында Жезді музейі мен Қ.И.Сәтбаев атындағы өндірістік музейі қорының бірлескен «Біздің батыр жерлестер» көрмесі ашылды. Көрмеде ұлытаулық қаһармандар Б.Бұлқышев пен қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш С.Асатов жайлы 1978 жылы түсірілген деректі фильм ұсынылды. Кездесуге келген жезді кенті мектептерінің оқушыларына аймақ ардагерлері отансүйгіштік пен ел қорғау жолындағы әкелер ерлігі жайлы әңгімеледі.
Жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында бүгін Жезді музейінде басталған іс-шара патриоттық шаралар декадасына ұласады. «Біздің батыр жерлестер» көрмесімен кент мектептері оқушыларын таныстыруды мектеп басшылары мен ұстаздар өз міндетіне алды.
#Ұлы_Жеңіске_80_күн.
#Патриоттық_іс-шаралар_күнтізбесі.
https://muzeijezdi.kz/kz/zha-aly-tar/220-ly-zhe-isti-80-zhyldy-yna-80-k-n-aldy-19-a-pan-2025-zh.html#sigFreeId31ea05ccdc