15 қарашада Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Жошы, Алашахан сәулет ескерткіштерінде пайдаланылған ежелгі технологиялар» тақырыбында музей ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Ғылыми кеңес отырысына облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау басқармасының басшысы М. Бақытұлы, «Ұлытау» тарихи-мәдени, табиғи қорық-музейінің басшысы Ә. Күзербаев және «Ұлытау» қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері мен археолог, Жезді музейінің ғылыми қызметкері А. Искаков қатысты.
Облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау басқармасының басшысы М. Бақытұлы өлкедегі Алтын Орда кезеңінің ескерткіштерін зерттеу жайлы деректер мен ғылыми айналымдағы ақпараттар жайлы әңгімелеп, дереккөздерге тоқталды. «Ұлытау» қорық-музейінің басшысы өлкедегі тарихи ескерткіштердің жағдайына тоқталып, туризмді дамыту жайлы пікірлерімен бөлісті.
Ғылыми кеңес отырысында Жезді музейінің жетекшілігімен Жезді №6 ТМ (РО) оқушысы жүргізген зерттеу жобасы таныстырылды. Мектеп-музейінің жетекшісі Г. Абылаеваның пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Жас зерттеушінің жобасына нақты ұсыныс ретінде ортағасырлық архитектура жайлы деректерді толықтыруға, Жошы кесенесінің кірпіштерін зерттеуде эксперименталды археология әдісін қолға алу бағытында музейлік жұмыстар жүргізу ұсынылды. Жас зерттеушінің жобасына жетекшілік етіп, зерттеуге қолдау көрсету музейдің ғылыми қызметкерлеріне жүктелді.
https://muzeijezdi.kz/kz/zha-aly-tar/217-ylymi-ke-esti-ke-ejtilgen-otyrysy-tti.html#sigFreeId5068ec2d43