Ұлытау өңірінде сыры бүгіліп, тарихы тереңде жатқан ескерткіштер жетіп артылады. Олар қасиетті тау-тастарымыздың беттеріне қашалып, өткен өмір тарихы бейнеленіп салынған сан мыңдаған таңбалар. Осы ғажап ескерткіштеріміздің бірі Теректі кешеніндегі петроглифтер.

Орталық Қазақстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші. Теректі әулие – Жезқазған қаласынан 85 шақырым жерде, Теректі станциясынан солтүстік-шығыста 20 шақырым жерде  орналасқан.  Теректі әулие петроглифтері – өзіндік ерекшелігі бар ескерткіш. Мұнда ежелгі адамдар өмірінің көптеген аспектілерін (материалдық, рухани, әлеуметтік) қайта елестетуге мүмкіндік беретін, маңызды деректер көзі болып табылатын тасқа қашалған бейнелер орналасқан Теректі петроглифтері аласа үш төбедегі гранитті тастар. Бұл неолит, энеолит тұрақтары мен қоныстары, темір дәуірінің қонысы шоғырланған тарихи комплекс.

Теректі Әулие кешенін зерттеу бойынша  1940-50жж А.Х. Марғұлан қысқаша сипаттама  берді .1996 жылдан А.Х. Марғұлан атындағы Қазақстан Археологиялық институтының ғалымдары  археолог – ғалым З.С.Самашев, Ж.К. Курманкулов  басшылығымен кешенді түрде  зерттеу жұмыстары жүргізілді. 

Теректі Әулие петроглифтары репертуарында  басым көпшілігі- сеймин-турбин стиліне жақын түсінік беретін жылқы бейнесі (жылқы бейнесі  жалпы  90 % құрайды). Кескінді  мүсіні (төрт қысқа және шамалы иілген аяқты сирек кездеседі) статикалық  кейіп. (Сейминско-Турбинская культура – от названия местности где обнаружены могильники ХV-ХVI веков до н. э. Сейма расположена на левом берегу реки Оки, открыт в 1912 г.; Турбино расположен в пределах современных границ города Пермь, на правом берегу реки Камы. Сейминско-Турбинская культура -   яркая, самобытная культура племен металлургов и воинов-коневодов, достигшие в середине II тысячелетия до н. э. наивысшего рассвета.)

Тау ешкілерінің суреттері өте қызықты  болып келген. Бір тастың үстінде бірінің артынан бірі дөңгелене орналасқан 12 тау ешкісінің суреттері көрсетілген. Тастың шетіне қарай орналасқан бейнелердің біраз бөлігі  табиғи жағдайларға байланысты тастың мүжілуінен анық көрінбейді. Суреттің он екі болуын күнтізбектің он екі айымен немесе адамзаттың мүшелдік жасымен байланыстыруға болады.

Адам табаны және жылқы тұяғы сияқты іздердің суреттері-  ерекше бейнелеу мәтіні болып есептеледі. Осыған ұқсас  іздер Тамғалы тастарында табылып, Новгород облысының Шглец тастарында да барлығы белгілі болып отыр.  «Ригведаның» көне мәтінінде Вишна құдайдың қалдырып кеткен ізі жайында дерек бар.  В.В.Иванов будда  бейнелеріндегі алақан және өкше түріндегі белгілерді бақсы ізімен байланыстырады. Теректі Әулие тастағы таңбасындағы  іздер біршама аңыздар мен мифтерді дүниеге әкелді. Оның бір нұсқасы кейіннен мұсылман қасиеттеріне енген Хазрет-Али мен оның аты Дүлдүл жайындағы XI ғасырға жататын Әль-Бируни жазбалары негізінде  пайда болған түрі. (Максимова А.Г., Ермолаева А.С., Марьяшев А.Н. Указ. соч. - с. 13)

Теректі петроглифтары ішінде бұқа бейнесі де кездеседі. Бұқа ерте дәуірден қасиетті саналған. Бұқа басының бейнесімен Урарту сарайларының кіре берісіне және Чатал-Хююке ғибадат орындарын безендірген. Бұқа бейнесі грек мифалогияларымен де байланысты болған. ( Марьяшев А. Н., Горячев А. А. Указ. соч. - с. 47-48.)

Теректі Әулие  III тасында  мағынасын түсіндіруде қиындық тудыратын  ерекше қызықты сурет табылған.  Бұл сюжет шеңберден бірі солтүстікке кететеін түзу сызық, солтүстік-шығысқа кететін бүгілген сызық түріндегі өзгеше антенна бейнесін беретін суреттен тұрады. Шеңбердің ортасында қос өркешті бактриан түйесі бейнеленсе, «антенналар» аралығында антропоморфтық  жануарлар мен тау ешкілері, аспан белгілері мен крест, ал сурет астында адам бейнесі көрсетілген.

Теректі Әулие  - бұл тарихи өткеніміздің  сирек кездесетін, бірегей ескерткіші. Бұл жерде тастағы бейнелердің жинағы ежелгі адамдардың материалдық, рухани, әлеуметтік тағы басқа өмірлерін қайта қалпына келтіруде хабарлар беретін құнды дерек көзі болып есептеледі.  Теректі Әулиенің тастағы суреттеріндегі  бейнелеу материалдары шексіз даланың ежелгі аңшылар мен малшылардың өздеріне тән және өте қызықты идиологиялық көзқарастарынан хабарлар бергендігінен  бұл дерек көзінің ерекше құндылығын атап өту қажет. Осындай ерекше деректерді зерттеу барысында олардың бейнеленген көне көзқарастары мен сенімдерінің әлеміне енуге талпыныс жасайсың.   Теректі-Әулие материалдары ірі археологиялық қорды құрайды. Тас бейнелерін зерттеу тек қана халқымыздың өткен өмірін қолмен ұстап көзбен көруге мүмкіндік беріп қана қоятындығымен маңызды емес. Сондай-ақ, бұл біздің мәдениетіміздің, бабаларымыздың рухани байлығы,  құн жетпес қазынасы, келешек ұрпақтарға қалдыруға болатын бай мұрасы екені анық.

 

Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы

және М. Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің ғылыми қызметкері: Айдар Искаков