Қазақ халқының тарихында кеңес дәуір кезіндегі 1919-1921 жылғы ашаршылық, 1930-1933 жылдардағы ұлы жұт, 1937-40 жылдардағы жеке адамға табыну кезеңіндегі «Қызыл қырғын», 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысы деп аталған қанды қырғын ешуақытта ел жадынан ұмытылмайды.

Тарих ғылымдарының кандидаты А.Мұсағалиеваның пікірінше, кеңестік республикалар аумағында орналасқан еңбекпен түзеу мекемелерінің саны бойынша Қазақстан РСФСР мен Украинадан кейін үшінші орында болды. Ресей Федерациясы Мемлекеттік мұрағатында бүкіл Одақ бойынша орналасқан лагерьлер туралы қажетті мәліметтер жинақталған.  Ресей мұрағаттарының бір ерекшелігі, онда Кеңес дәуірінің 1950 жылдарының ортасына дейінгі созылған саяси репрессиялар деректері, оның ішінде еңбекпен түзеу лагерлерінің құжаттары құпиясыздандырылған, яғни зерттеушілердің пайдалануына мүмкіншіліктері бар. Олардың арасынан қазіргі кезде қазақстандық мұрағаттарда сақталып отырған, құпиясыздандырылмаған, ғылыми айналымға енбеген көптеген құжаттарды кездестіруге болады.
Қазақстан Республикасы Прези­дентінің мұрағатында бұрынғы Кеңестер Одағы Компартиясының мұрағаттық қорындағы құжаттар бар. Жалпы түрдегі құжаттар ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында да кездеседі. Басты дерек көздері Қарағанды, Ақмола облыстарының, Жезқазған қаласының мұрағаттарында бар. Ресей жергілікті мұрағаттарымен салыстырғанда, біздің облыстық мұрағаттарда әскери тұтқындар лагерлерінің құжаттары біршама толық түрде кездеседі.

Степлаг лагерьлері Қарағандыдағы әскери тұтқындарға арналған №99 Спасск бөлімшесінің негізінде, кейін Қарсақпайдан Балхашқа дейінгі аймақты алып жатқан Карлаг территориясының бір бөлігін қамтыған Жезқазғандағы әскери тұтқындарға арналған №39 негізінде құрылды. Лагер тұтқындары өздерінің каторгалық еңбектерімен көмір және мыс кенін өндірді, Жезқазғандағы тау-кен комбинатының құрлысын салды. Өндірістік жоспарда Степлаг лагерінің мынадай екі негізгі бағыттары болды; 1. Министірліктердің шарушылық ұйымдары ұйымдары мен кәсәпорындарына контрагенттік негізде жұмыс күшін беру. 2. Лагерьдің жеке ауыл шарушылығы мен мұқтаждықтарына қызмет ету.

Степной лагерінің құрамында 9 бөлімшесі болған және олар жергілікті өндіріс орындарына жұмылдырған.

1–ші бөлімше лагерь басқармасынан 1 км жердегі Жезқазған –Руднигінде, Қарағанды темір жолының Ново-Рудная  теміржол станциясынан 4 км жерде орналасты. Бұл лагерлік бөлімше 2 шарушылық органынан қызмет көрсетті: Металлургия өнеркәсібі министірлігінің Жезқазған мыс комбинатында мыс өндірді ( Балқаш және Қарсақпай мыс балқыьу зауыттарына жіберіп отырды) және Байқоңыр кен орындарында қоңыр көмір өндірді (Қазмысқұрлыстың өз қажеттіліктеріне жұмсау үшін), сонымен бірге өндірістік кәсіпорындар мен тұрғын –жай қоры құрлысында жұмыс істеді.

2-ші бөлімше Спасскіде, лагерь басқармасынан 700 км жерде, Қарағанды темір жол станциясынан 45 км қашықтықта орналасты. Бұл бөлімше аса қауіпті қылмыскерлер арасындағы мүгедектер континентінен құрылған,  құрамында ауылшарушылық саласымен айналысатын (егін және мал шарушылықтары).

3-ші бөлімше лагер басқармасынан 25 км жердегі Жезқазған –Кеңгірде орналасқан, Қарағанды теміржолының Жезқазған станциясынан 2 км қашықтықта болды. Бөлішше кәсіпорындар мен тұрғын үй құрлысымен айналысатын Ауыр Индустрия құрлыс кәсіпорындары Министірлігінің Қазақмысқұрлысына қызмет көрсетті.

4-ші бөлімше лагерь басқармасынан 4 шақырым жерде, Қарағанды теміржолының Ново-Рудная станциясынан 1 шақырым жерде орналасты, Қазақмысқұрлысы мен Жезқазған Мыс комбинатының ағаш өңдеу зауытына қызмет көрсетті.

5-ші бөлімше лагерь басқармасынан 45 шақырымдағы Жездіде, Жезді темір жол станциясынан 8 шақырым жерде орналасты. Металлургия өнеркәсібі министірлігінің Жезді марганец кенін өндіру басқармасына қызмет көрсетті.

6-ші бөлімше лагер басқармасынан 34 шақырым, Қарағанды теміржолының Жезқазған теміржол станциясынан 8 шақырым жерде орналасты, көкініс және мал шарушалықтарымен  айналысты, лагерьдің жеке ауылшарушылық бөлімі болды.

7-ші бөлімше лагерь басқармасынан 120 шақырымдағы Байқоңырда, Жезқазған комбинатына қарасты тар табанды теміржол – Байқоңыр темір жол станциясынан 1 шақырым жерде орналастыү. Жезқазған Комбинатының қажетілігі үшін сол комбинатта қоңыр көмір өндірді.

8-ші лагер бөлімше лагерь басқармасынан 800 шақырымдағы Балхашта, Қарағанды темір жолының Бертіс темір жол станциясынан 8 шықырым қашықтықта орналасты. Ауыр индустрия құрлыс кәсіпорындары минситірлігіне қарасты «Балхашқұрылыста» өндіріс кәсіпорындары және тұрғын үй құрлысымен айналысты, Балқаш Мысқорыту зауытында молибден кенін өндірді.

9-ші бөлмше лагерь басқармасынан 2500 шақырымдағы Павлодар облысының Екібастұз жерінде, Екібастұз темір жол станциясынан 3 шақырым жерде орналасқан. Ауыр индустрия құрылыс кәсіпорындары  министірлігіне қарасты «Басқарағандытұрғынүйқұрлысында» жаңа көмір шахтасы және тұрғын үй құрлысымен айналысты.

1954 жылы Степлаг легерінің құрамында 6 лагерьлік бөлімше болды. 1955 жылдың басында Степлаг лагерінің құрамында 5 лагбөлімше болған; №1, №2, № 3, №5, №6. №4 лагбөлімше 1954 жылдың үшінші кварталында таратылды. (Т.К. Алланиязов, Н.Т. Жұмаділова, Ж.М. Баймұрынов. «КСРО ІІМ Степной лагері тарихының очеректері» Қарағанды 2011. «Болашақ университеті» 23-25 Б)

Лагерь жүйесіндегі тұтқындар еңбегін пайдалану тақырыбындағы тарихи зерттеулер, қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Архив құжаттарындағы, әлі де зерттеуді қажет ететін ақтаңдақтар жеткілікті.

Бірнеше жылдан бері Степлагтың 3-ші бөлімшесінің орындары жойылу қаупі үстінде тұрды. Лагердің асханасының орынының қабырғалары қираған, шаруашылық барактары бұзылған, сонымен қатар кейбір адамдар бұл жерді қоқыс тастайтын орынға айналдырған. Кейінгі жылдары асханасының ішкі жағындағы сылақтары түсіп лагер тұтқындарының салған суретінің орны біліне бастаған, суретте поез, темір жол бейнеленген. Степлаг мұраларын мемориализациялау жобасы негізінде Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің бастамасымен, былтырғы жылы Москвадан арнайы келген ғалымдар суреттің көшірмесін жасаған болатын. Сонымен қатар КМҚК Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, Жезқазған тарихи-археологиялық музейі, «Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау – кен және балқыту ісі тарихы музейі» қызметкерлерімен бірлесе отырып, Степлаг лагерінің орнында музеефикация жобасын жасау жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл тарихи орынды сақтап қалуға журналистер, жергілікті өлкетанушылар белсенділігі арқасында жүзеге аса бастады. Бүгінгі күні бұл жерде ескерткішті қалпына келтіру жұмыстар басталып кетті. Болашақта лагер орны саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ашық аспан астындағы музей болады. Ескерткіштің қорғау шекарасы бекітіліп, мемлекет қорғауына алынады.