Қола дәуірі адамзат қоғамының дамуында көптеген түпкілікті өзгерістер әкелді. Оның ішінде мал шаруашлығы, жер өңдеу, металлургия және кен өндіру, қоладан еңбек құралдары,  қару мен әшекей дайындау, тұрғын үй салу дамыды. Сонымен қатар адамдардың рухани өмірінде бірқатар өзгерістер пайла бола бастады.  Бұның барлығы алғашқы қауымдық қоғамның дүниетанымындағы жерлеу,  ғұрыптық мифологиялар мен басқа өмір туралы концепциялар адам өміріне өзергістер енгізді.

Жаңа дәуірде дамыған металл балқыту ісі - көне металлургия білім мен біліктілікті, мол тәжірибені талап етті. Мұның барлығы от шеберіне көнеден бері ерекше құрмет және үлкен қорқынышпен қарауға итермеледі. Металлургия сырын тайпа ішіндегі тек қана арнайы бірнеше адам білгендігі этнографиялық деректерде кездеседі, сондай-ақ аталған адамдар ғана мыспен басқа металлдарды балқытуға құқылы болған. Бұл құбылыс құпия түрінде болған және шебер оны тандаулы адамға ғана үйреткен.

Көне қоғамда металл қорытуға қатысты көптеген ғұрыптық жоралар жасалған,яғни ғұрыптардың тазалығы тікелей әсер ететініне сенімді болған тұрғындар жаңа салынған пештерді қасиеттеп , астына сиқырлы заттарды көмген. Ал, малшылар құрбандыққа мал шалған деген болжам да жасауға болады. Осындай ғұрыптар мен жоралғылар жүйесі таза өнім алуға бағышталған. Металл қорыту жұмысы күрделі тыймдармен де белгілі, мысалы Африкадағы зулус металлургтері кен қорытуды адам жүрмейтін тасаларда жүргізген, себебі олардың жұмсытарын ешкім көрмеуге тиіс болған. Сондай –ақ, металлдың таза өнімін алу үшін руданы адамнын майымен аластау керек деген үғым бар, ал ол үшін адамды құрбандыққа шалған. Сондықтан да, металлургтерден айналадағылар қорқып, ұстаханаларды мүмкіндігінше айналып өтетін болған. Ал ,егер де, металл қорыту техникалық себептерден дұрыс өнім бермеген болса, онда ғұрыптар дұрыс жасалмаған немесе металлург рухтарға жақпаған деген пайымдармен түсіндірген. 1 (Құрманқұлов Ж, Ермолаева А.С, Ержанова А.Е. Талдысай қонысы көне металлургия ескерткіші. – Алматы 2012)

Талдысай металлургиялық қоныс орны көне кеншілер металлургтар өмір сүрген елді мекен, металл балқыту ісі мен басқадай қолөнерлер өркендеген өз заманының ірі шаруашылық өндіріс орталығы. Бұл жердегі археологиялық зерттеу жұмыстары 1994 жылдан басталған. Нәтижесінде шахталық типтегі пеш орындары , тұрғын үй -өндірістік кешендері, құрбандық алаңдары анықталған болатын. Металлургиялық қоныс орнында   құрбандық шалудың бірнеше түрлері ашылды. 1) Металлургиялық жұмсытардың кезекті цикылының басында берілетін құрбандықты металлургиялық шұңқырлар мен ошақтардың жанындағы еденнің кішігірім куыстарында жатқан төрт қозының қаңқасы сипаттайды: 2) Уйді тұрғызар алдында, не болмаса кешеннің қызмет көрсеті барсында жасалған құрбандық жануар сүйектері мен еңбек құралдары түрінде көрсетілген. Заттар тұрғын үй шеберханасының қабарғасы түбіндегі екі шаруашылық немесе құрбандық шұңқырларына жайғастырылған; 3) Үй-шеберхананы қалдырар кезде жасалған құрбандықа сатылы қабырғаға жануар сүйектері мен бір шоқ мыс кені және қабырға түбіне араластырып сүйек пен тас бұйымдары қойылған.

Шығыс тұрғын үй өндірістік кешенінің оңтүстік –шығыс және солтүстік - батыс секторларында шартты түрде оңтүстік және солтүстік деп аталған екі құрбандық алаңы ашылды. Онда кезінде ірі қара сиыр малы және ұсақ малдың тұтас және бөлшектелген сүйектері анықталған. Малдардың тұтастай және және бөлшектенген сүйектерінің дене бөліктері шұңқырдың бетіне де , шығыс металлургиялық шұңқырдың түтіндігінде де қойылып отырған. Түтіндіктен солтүстікке қарай жануарлармен бір мезгілде немесе біраз уақыт үзілісінен кейін жерленген жұптасқан екі адамның қабірі ашылды. Басы батысқа қараған оңтүстік және басы оңтүстікке солтүстік мүрделер бірінің артынан бірі қол аяқын баурына алған күйінде жерленген. Солтүстік мүрде оңтүстік мүрденің аяғыда етпетінен қойылған. Шығыс металлургиялық пештің үстіндегі ірі малдың бас сүйегінің жанында төменгі жағы жоқ адам бас сүйегі жатты. Бұл жағдайдағы құрбандық металлургиялық өндірістің тоқтауымен және тұрғыдардың үйді қалдырып кетуімен байланысты болған. Өйткені сүйектердің орналасу сипаты кешеннің одан әрі қарай жұмыс істеуінің мүмкін еместігін көрсетіп отыр. Құрбандар үй –шеберхананың едені мен металлургиялық металлургиялық кешенді жайып тұрған қабатта орналасқан. Құрбандыққа тек қана жануарларды ғана емес, шамасы адамдарды да, еңбек құралдары мен ыдысты да қойған. Жануар сүйектерінің арасында сүйек пен тастан бұйымдар айтарлықтай көп. Талдысай қонысындағы ежелгі құдыретті күш белгілері ен алдымен металлургиялық өндіріспен байланысты болды. 2. (Артюхова О.А., Курманкулов Ж., Ермолаева А.С., Ержанова А.Е. Комплекс памятников урочище Талдысай. – Алматы .2013 )

Көне кеніштер қазіргі кезге дейін көне металлургтардың мекені ретінде қоныстар күйінде сақталған,  қоныстардың бірі Талдысай.  Бұл қоныстың мәдени қабаттарынан металлургияға қатысты көптеген мұралар табылды.

Искаков Айдар