1995 жылы  30 тамыз тәуелсіз ел тарихында  КОНСТИТУЦИЯ күні ретінде аталып өтеді. Биыл Қазақстан Республикасының  Конституциясына - 30 жыл.

Конституция күні қарсаңында Мәкен Төрегелдин музейінің Рәміздер залында  «Бөрілі менің байрағым» тақырыбында танымдық сағат өтті. Іс-шараға кент жастары, мектеп оқушылары қатысты. Жиынға қатысушылар  ҚР Мемлекеттік Әнұранына сап түзеп, бірге орындады. Мерекелік іс-шараны музей басшысы З.Қазанбаева кіріспе сөзбен ашып, жиналған қонақтарды Ата заңымыздың 30 жылдық мерекесімен құттықтады. Танымдық сағат барысында конституция тарихын баяндайтын бейнелекция көрсетілді. Көпшілік назарына Жезді кенті кітапханасының кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара одан әрі зияткерлік білім бәйгесімен жалғасын тапты. Білім додасына Жезді ресурстық орталығының инспекторы, Ұлытау ауд, қорғаныс істері бөлімінің әскери есепке алушы маманы, жас мамандар, кітапхана ұжымы қатысты. «Қыран» және «Сұңқар» топтары арасындағы білім бәйгесі тартысты өтті. Шара соңында зияткерлік сайысына белсене қатысқан жастарға Алғыс хаттар табысталды.