Мәкен Төрегелдин музейінің бастамасымен жүргізіліп жатқан «Майдангерге тағзым» акциясы одан әрі жалғасуда. Патриоттық жоба Ұлы Жеңіс:Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі республикалық іс - шаралар аясында ұйымдастырылуда. Акция мақсаты Жезді кентінің аумағында жерленген ҰОС ардагерлерінің қабірлерін ретке келтіріп, ХХ ғ. батырлары рухына тағзым ету.
Кезекті тағзым сағаты музейдің ардагерлер аллеясынан бастау алып, Мостовая елді мекені аумағындағы қорымда жерленген майдангерлерді зиярат етумен жалғасты. Қорымда жерленген майдангерлер Серікбай Данияров, Мұстафа Ахметов, Қасым Саринов, Асқар Әшірбеков, Жәпек Шахановтың ұрпақтарымен бірге батырлар рухына құран бағышталып, естеліктер айтылды. Патриоттық сағатқа қатысқан ардагер ұрпақтары, музей мамандары, мекеме, ұйымдар өкілдері, жастар ҰОС қатысушы майдангерлер Ж.Мәменов, Ө.Сағындықов, Ә.Зейноллаұлы, Б.Сейдахметов, ағайынды Жарылғаповтардың басында болды. Қорымның айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ер есімі - ел есінде!
https://muzeijezdi.kz/kz/zha-aly-tar/225-majdangerge-ta-zym-aktsiyasy-zhal-asuda.html#sigFreeIdb8b4ea7070