Биыл 1941-1945ж.ж. екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске 80 жыл. 2025 жылғы 11 наурызда «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында Жезді музейінде «Майдангер жолы» көрме-кездесуі өтті.
Кері есептеу күнтізбесіндегі Жеңіске 60 күн қалуына орай ұйымдастырылған кездесуге Жезді кентінің ардагерлері, майдангер ұрпақтары, мектеп оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты қор деректері негізінде Жезқазған-Ұлытау аймағынан соғысқа аттанған жерлес жауынгерлердің ерлігін насихаттау.
Кездесу барысында майдангерлердің өміржолынан экранда деректер көрсетілді. Майдангер ұрпақтары әкелері жайлы естеліктер айтып, ел қорғау жолындағы бабалардың ерлігін ең кішкентай ұрпақтары – немере-шөберелері жатқа айтты. Отан үшін от кешкен жауынгерлердің марапат қағаздарының көшірмесі отбасыларына табысталды. «Музейге сый» акциясы шеңберінде майдангер ұрпақтары құнды жәдігерлерді музей қорына тапсырды.
Іс-шара соңында қонақтар майдангерлер көрмесімен танысты.
https://muzeijezdi.kz/kz/zha-aly-tar/221-ly-zhe-isti-80-zhyldy-yna-60-k-n-aldy-11-nauryz-2025-zh.html#sigFreeIdda30fe4a52