18 қыркүйек күні Мәкен Төрегелдин музейінде С.Сейфуллин ат.Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, дауылпаз ақын, қазақтың біртуар перзенті С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкен салған ізбенен...» жылжымалы көрмесі көрермендер назарына ұсынылды. Жылжымалы көрменің ашылуына Жезді кентінің ардагерлері, мекемелер қызметкерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Іс-шараны музей басшысы З.Қазанбаева ашып, тұлғаның мерейтойымен құттықтады. Аталған шара барысында Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Е.Шубаев жылжымалы көрменің маңызы мен мақсатына тоқталды. Жезді кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Рақымбеков, ауыл ақсақалы Қ.Құлахметов, Ұлытау ауд.мәслихат депутаты А.Смағұлов сөз сөйлеп музей ұжымына алғыстарын білдірді. Жиын соңында музей мамандары жиналған жұртшылықты көрмемен таныстырды.
https://muzeijezdi.kz/kz/zha-aly-tar/213-s-ken-sal-an-izbenen.html#sigFreeId1f4d4881aa