Мәкен Төрегелдин атындағы музейде жылдағы дәстүр бойынша 2024 ж. мектеп бітірген түлектермен «Музей кабинеттегі жүздесу» тақырыбында кездесу өткізілді. Музейлік сағат мұражайдың іргесін қалаушы және тұңғыш директоры М.Төрегелдиннің 20 жыл қызмет еткен кабинетінде өтті. Ол 2008 жылы «музей кабинет» ретінде жабдықталып, экспозиция құрамына енгізілген болатын.

 

Кездесу барысында музей басшысы З.Қазанбаева айтулы тұлғаның өмірі мен қызметі, жалпы музейдің 30 жылдық тарихы жайлы әңгімеледі. Оқушылар теледидардан қоғам және мәдениет қайраткері, музейге есімі берілген тұлға М.Төрегелдиннің бейнежазбасын тыңдады. Ұлт мақтанышы, академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 ж. толуымен тұспа - тұс келген биылғы мектеп бітіруші түлектерге Қаныш аталарындай елге қызмет етсін деген ниетпен ашық хаттар табысталды. Осылайша алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектер Мәкен ағаның ұзақ жыл еңбек еткен жұмыс орнынан бата алып аттанды. Сәт сапар!