Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді музейінде тарих пәні бағдарламасына сай тақырыптық көрме - лекция ұйымдастырылды. Алаш ардақтыларының туған жерлері Торғай, Тоқырауын өңіріне 2016 жылы ұйымдастырылған экспедиция материалдары негізінде жасалған тақырыптық көрме деректері №6 Жезді мектебінің 8 сыныптарында тарих пәнінің музейлік сабағында таныстырылды.
Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсыновтың туған жері жайлы түсірілген бейнематериалдар арқылы жеткіншектерге ұлт көсемдерінің есімдері халқымыздың жадында сақталып, бүгінге жеткен ұлт ұстаздарының мұрасын оқып үйрену керегін түсіндірілді.Тиянақты зерттеулер жасаған тарихшылар еңбегінің нәтижесінде ХХ ғ. басындағы зобалаң жылдар ақтаңдақтарының орны толығуда. Қазақтың ардақты азаматтарының есімін жас ұрпақ жадына сіңіріп, «қыр баласы» қалдырған мұраларды еліміздің болашағын айқындау мен бай мәдени-тарихи мұраларымызды оқып үйренуде басты бағдар болсын дейміз. Алаш ардақтыларының туған жерлеріне саяхаттар ұйымдастырып, ұлыларға тағзым етудің де мүмкіндіктерін білім беру мекемелері келешекте жоспарға қойса, аймақ, облыс музейлері бұл іске өз үлестерін қосады. Мектеп бағдарламасындағы алаш тарихын оқытуға музейлік көрме аз да болса үлесін қосады деп ойлаймыз.
https://muzeijezdi.kz/kz/zha-aly-tar/192-yr-balasy-zh-rgen-zholdarmen.html#sigFreeIda150578f95