Кеше, 5 сәуір күні Сәтбаев қаласының музейінде Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин музейінің жылжымалы көрмесі ашылды. Өлке жылнамасындағы екі мерейлі дата - қоғам қайраткері М.Төрегелдиннің туғанына 100 жыл, кеншілер шаһарының 50 жылдығы көрме тақырыбы ретінде ұсынылды. «Ежелгі өркениет ошағы» тақырыбында ашылған көрмеге Жезді музейі қорынан, қоғам және мәдениет қайраткері, ҰОС ардагері, Ө.Байқоңыров ат. Жезқазған университетінің Құрметті профессоры, Ұлытау ауданының, Түркістан қаласының Құрметті азаматы М.Төрегелдиннің жеке мұрағатынан 200-ге жуық құндылықтар қойылған. Көрменің ашылуына Сәтбаев қ. әкімі  Ш.Әубәкір, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы М.Мәдиева, мем.қызмет ардагерлері – Н.И.Хмелярчук, М.Жапбасбаева, М.Төрегелдинмен қызметтес болған ардагерлер – Б.Малдыбаев, С.Омаров, ҚР Еңбек ері, белгілі кенші Т.Макишев, музей ісінің ардагері Р.Төрегелдиндер қатысып, сөз сөйледі. Көрмені ұйымдастырушылар – Сәтбаев қ. әкімдігі, Ш.Ділдебаев ат. Мәдениет үйі және М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі. «Ежелгі өркениет ошағы» көрмесі 4-28 сәуір аралығында жұмыс істейтін болады. Өлкенің ерекше тарихымен және аймақтың аңыз тұлғаларының» өмірдерегімен танысқыңыз келсе көрмеге келіңіз.