#Алтынтамыр
ЖАҢА КҮН, ЖАРЫЛҚА ЕЛІМДІ.
Наурыз тілек!
Күн мен түн теңеліп,
Тасты жарып көк өніп,
Қыстың соңғы тоңы еріп,
Жұртым аққа кенеліп –
Келген жылдың ырзығын
Ұлыспен бірге көрелік!
М. Төрегелдин музейінде жыл сайын Әз-Наурыздың алғашқы таң шапағын қарсы алу дәстүрі қалыптасқан. Бүгінгі күніміз де таңмен тұрып, ошақ құрып, көп көже жасаудан басталды. Әжелеріміз наурызды сарыла күтіп, кебеженің түбінде сақталған сыбағадан дайындалатын көженің жөні бөлек әрине. Бірақ, қай заманда да Наурыз көженің жай ас-ауқаттан қадірі биік. «Тілеу көже» дейтін жарықтық аналарымыз. «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!» айта келген ақсақалдан Ұлы күні бата алуға асығу – бұлжымас дәстүр. Жаңа жыл елге жайлы, ырысты, ынтымақты, ақжарылқап жыл болсын!
https://muzeijezdi.kz/kz/zha-aly-tar/173-zha-a-k-n-zharyl-a-elimdi.html#sigFreeIde6a5776935