Шебер-2023
ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ.
Мәкен Төрегелдин музейінің тақырыптық көрмесі одан әрі жалғасуда. Көрмеге Қарақұм, Байқоңыр, Білеуті, Бұланты жұртына аты мәлім темірші ұста, зергер Зәбида Тынымбекұлының қолтума дүниелері мен бірнеше құрал-саймандары қойылған. «Байман ұста ма, Байман ұстаның сайманы ұста ма?» - деген мәтел сөз бар біздің елде. Ұстаның басқа кәсіп иелерінен ерекшелігі – өзінің құрал-жабдықтарын өзі жасап алатын әмбебаптығы.
- Ұстаның құралдарының өзі оның шеберлігінен хабар береді. Мына құрал қысқаштың бір түріне ұқсайды. Бәрменбай әкемізде бірнешеуі болушы еді. Қуыстұмсық, құстұмсық, жалпақтұмсық түрлері болады. Жұқа металды, күмісті, қаңылтырды қысып ұстайтын құрал. Саусаққа ілінбейтін майда, нәзік бұйымдарды дайындағанда да қысқаш, шымшуырды пайдаланады. Тұмсығы ерекше екен, - дейді қылқалам шебері Серік Жайлыбаев.
https://muzeijezdi.kz/kz/zha-aly-tar/170-sheberdi-oly-orta.html#sigFreeId32c33f3faa