ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінде «Қазақ ғарышкерлері. Т.Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 30 жыл» тақырыбында жаңа көрме ұйымдастырылды.  Көрменің танысытырылымына  кент мектептерінің  оқушылары қатысып, қазақ даласынан 60 жыл бұрын ғарышқа аттанған КСРО космонавтары және ел тәуелсіздігін жариялау қарсаңында ғарышты бағындырған тұңғыш қазақ ғарышкері  жолын баяндаған  деректермен танысты. «Халық қаһарманы» атанған қазақ ғарышкерлері  жайлы деректермен қатар көрмеге космос айлағы Жезқазған өңірі туралы музей қорындағы фотолар мен плакаттар қойылды. Экскурсия барысында оқушылар ашық аспан  астындағы экспозициялардағы ғарыш кемесінің бөлшектерімен танысып, фото деректерге үлкен қызығушылық танытты. Жалпы көрмеге музей қорынан шығарылған экспонаттар саны  73  бірлікті құрады.