«Отан тарихы: ХХ ғасырдың соңғы соғысы» жылжымалы көрме.
15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Осы орайда Ауған соғысына қатысқан ардагерлер мен соғыста қаза тапқан боздақтардың ерлігін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында 12 ақпан күні Жезді мектеп - интернатының музейінде «Отан тарихы: ХХ ғасырдың соңғы соғысы» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлердің музей қорында жинақталған жәдігерлері мен отбасылық мұрағаттарынан құжаттары мен фотосуреттері, медалдары қойылды. Көрменің алғашқы таныстырылымын музей маманы М.Уатаев жүргізді. Жылжымалы көрме үстіміздегі жылдың 20 ақпанына дейін жұмыс істейді.
https://muzeijezdi.kz/kz/zha-aly-tar/147-otan-tarikhy-khkh-asyrdy-so-y-so-ysy-zhylzhymaly-k-rme.html#sigFreeId0975a5094d