Аталған конференцияға қатысушылар Жезді музейі экспозициясымен танысып, аралас мектеп-интернатының «Өлкетану» курсы жетекшісі А.Қыдырманова және музей қызметкерлерінің қатысуымен «Сәтбаевтың дара жолы» тақырыбында музейдің көрме залында тәрбие сағатын өткізді.
Ұлы ғалым, академик, дара тұлға Қ.И.Сәтбаевтың өмірбаяны жайлы әңгімелеген оқушылар, 1942 жылы Жезді марганец кенішін ашуда ерен еңбек үлгісін көрсеткен ауыл тұрғындары мен болашақ академиктің геологиялық зерттеу экспедициясы сәттерін сахналады. Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар мектеп пен музейдің тығыз байланысын жоғары бағалады.