М.Төрегелдин атындағы Жезді кетіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің «Ә.Х.Марғұлан және дала мәдениеті» тақырыптық көрмесі Сәтбаев қаласы Ш.Ділдебаев музейінің көрме залында 2019 ж. 11 қарашадан бастап өтіп жатыр.
Сәтбаев қаласы білім бөлімінің тыңғылықты жұмысы нәтижесінде жасөспірімдер академиктің Ұлытау-Жезқазған өңіріндегі зерттеулерімен танысуға мүмкіндік алды. Ежелгі металлургия орталығы осы өлкеде Милықұдық (Елуқұдық) қонысында болғаны (бүгінгі Сәтбаев қ. Жезқазған кенті) академик еңбектерінде жазылған. Көне металлургтер қонысы тұрмысымен, кен үгіту, қыш құмыра жасау әдісімен практика жүзінде танысқан оқушылар саяхат сабаққа қызығушылығы өте жоғары. Ұлттық қолөнер жайлы академик зерттеулерін дәлелдейтін этнографиялық көрме,ұсталық, зергерлік өнер жәдігерлері де назардан тыс қалмады. Сәтбаев қаласы оқушылары өлке тарихынан алған мәліметтерге өте риза. Ынтымақтастық негіздегі танымдық шаралар үнемі жүргізіліп тұрады.