18 қазан  М.Төрегелдин  атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінде  Қазақстандағы Рухани келісім күніне арналған «Жездінің көпұлтты бейнесі» көрме-кездесуі  болып өтті.

Кездесуге Жезді кентінде тұратын әр ұлттың өкілдері, еңбек ардагерлері қонаққа келді.  Келген қонақтар өмір мен еңбек жолдары жайлы әсерлі әңгімелерімен бөлісті.

Жезді кентінде кезінде 112 ұлттың өкілдері тату-тәтті, рухани бірлік пен келісімде өмір кешкен. Қонақтар экраннан «Жездінің көпұлтты бейнесі» атты осы кездесуге арналған фотослайдты көріп, Жезді кентінің өткен күндерінен көп мағұламат деректер алды. Кездесу барысында украинша, орысша, қазақша әндер айтылып, мектеп оқушыларының «Мәңгілік ел» атты әнімен кездесудің шымылдығымен жабылды. Кездесу соңында қонақтар мен оқушылар Рухани келісім күніне арналған көрмені тамашалады.

Қазақта «бірлік болмай, тірлік болмайды» деген ұлағатты сөз бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар өкілдерінің татулығы арттып, әлеуметтік жағдайымыз нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

 

.