1.Өрнекті кірпіштер.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының территориясында, Ащылы өзенінің бойында орналасқан. Қарсақпай поселкесінен 130-135 км, Ақтас поселкесінен 83 км қашықтықта. Мешіт күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған, үш бөліктен (орталық және екі жан бөлмелері) және мұнарадан тұрады. Орталық бөлменің шеткі бөліктерінде күмбез құрылысының қалдықтары сақталған. Жоғарғы ернеулеріндегі және есіктерінің жоғарғы жағындағы кірпіштері түрлі оюмен өрнектелген. Нақты өлшемдерді Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихшы-этнограф ғалымы Т. Аршабеков жетекшілік еткен этнографиялық экспедициясы және Қарағанды облысы мәдениет басқармасының ескерткіштерді қорғау инспекциясы жүргізген.

1.Өрнекті кірпіштер.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының территориясында, Ащылы өзенінің бойында орналасқан. Қарсақпай поселкесінен 130-135 км, Ақтас поселкесінен 83 км қашықтықта. Мешіт күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған, үш бөліктен (орталық және екі жан бөлмелері) және мұнарадан тұрады. Орталық бөлменің шеткі бөліктерінде күмбез құрылысының қалдықтары сақталған. Жоғарғы ернеулеріндегі және есіктерінің жоғарғы жағындағы кірпіштері түрлі оюмен өрнектелген. Нақты өлшемдерді Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихшы-этнограф ғалымы Т. Аршабеков жетекшілік еткен этнографиялық экспедициясы және Қарағанды облысы мәдениет басқармасының ескерткіштерді қорғау инспекциясы жүргізген.

Архитектуралық құрылымы күрделі көпбөлмелі мешіт аумағы өте үлкен. Жалпы оның алдыңғы қабырғасының көлемі – 23,40 м жан қабырғасы – 15,40м. орталық бөлігінің биіктігі – 5,16 м жан қабырғасының биіктігі – 3,96 м, іргетасының биіктігі – 0,90м. терезелері жерден 1м биіктікте орналасқан, бірақ дегенмен бұл барлығы бірдей сақталмаған. Мешіт мұнарасының биіктігі – 3,5м,  бірнеше қалыптағы күйдірілген кірпіштер қолданылған, өлшемдері- 20х20х6см, 23х11х6см кірпіштер, яғни мұнда құрылыс материалына 10 астам әртүрлі қалыптағы кірпіштер қолданылған.

 

 

2.Бектепбергеннің көрігі.

Ата-баба дәстүрімен тас ошақта металл балқытып, көрік басу шеберлігімен танымал ұста – Бектепберген Үдербайұлы. Ол халық батыры Амангелді Имановтың ағасы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы кездерінде сарбаздарға қару-жарақ, қарапайым бердеңке мылтық соғумен айналысқан ұстаханалар болған. Олардың басты-бастылары – Батпаққарада. Дуылғалы мешітінде, Байқоңырда орналасып сарбаздардың қару-жарақ қажетін өтеп тұрған. Шағын ұстаханалар кішігірім ауылдарда күндіз-түні көрік басып, әскерге қарудан тапшылық көрсетпеген. «Бектепбергеннің айналасына жиналған ұсталардың арасында болат, темірді саз-балшықша илеген, соққан қылышының жүзі ұстарадай өткір небір кәнігі шеберлер болған. Айбалта, найза, қылыш, шоқпар, тіпті пілтелі мылтыққа дейін соққан». (М.Төрегельдин. Мәңгілік мұра. 105-бет).

Бектепберген Үдербайұлы бас штабтағы 12 ұстаның бірі болған. «Днем и ночью ковали мы новые и чинили старое оружие, деп еске алады Ж.Бекмурзин, - Работали мы не за страх, и не ради денег. Но, надо сказать, что труд наш не оставался не вознагражденным. За каждую, например, изготовленную найзу платили по 2 рубля. Зе день вырабатывали по 10-15 шашек, 5-10 айбалта и от 20 до 25 пик». (Ф.Н.Киреев, Ш.А.Шафиро. Востание 1916г. в Казахстане. 1947г. 101-стр.)

Музей қорында Бектепберген ұстаның сол жылдары пайдаланған көрігі сақталуы. Бұл көрік негізінен Дуылғалыдағы ұстаханада беріге дейін жұмыс істеп келген. Сонымен қатар ұстаның темір соғатын төсі, ұзын қысқашы да музейде. Бұл құралдарды кейінгі жылдары Кішітау төңірегінің ұсталары мен шеберлері пайдаланған. 1916 жылы сарбаздарға қару-жарақ соққан ұстаның көрігі мұражай көрмелерінде насихатталып жүр. 2015 жылы 11-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде өткен көрмеге Жезді музейі «Ұлы дала мұралары. Ұстахана XVIII-XIX ғ.ғ.» көрмесімен қатысты. Осы көрмеде ел назарын аударған ерекше жәдігер Бектепберген ұстаның темір соғатын үлкен көрігі болды.

 

 

3.Киелі кесене.

Құлмұхамед ишан Арыстанбайұлының кесенесі және сол төңіректегі XIX-XX ғасыр басына жататын қорымдар мешітке түнеп кетуге келетін ғибадатшылар үшін соқпай кетпейтін киелі ескерткіш. Онда 1916 жылы А.Үдербайұлын сардар ретінде сайлап, азаттық қозғалысына аттанарда «ақсарбас» шалынған қошқардың бас сүйегі сақтаулы тұр. Көнекөз қариялардың дерегі бойынша екінші бас сүйек Торғайдағы тарихи жеңістің құрметіне шалынған құрбандыққа тиесілі. Қалай дегенмен бұл кесене Ұлытау, Торғай жұртшылығы үшін киелі саналады. Ал, Құлмұхамед ишанның жеке заттары оның ұрпақтары Қази ишанның балаларының қолында сақтаулы.

 

 

Ш.Әбдібекова
Жезді музейінің бас қор сақтаушысы