1946 жылы Қазақстан  Ғылым академиясы құрылып, қазақ елінің дербес ғылым ордасы өмірге келді. Оның тұңғыш  президенті болып әйгілі  оқымысты  Қ.И.Сәтбаев сайланды. Бұл-қазақ ұлтының  интеллектуальдық рухани дамуындағы ірі оқиға және ғылым–білімнің тұлғаны қалыптастыруда  шешуші фактор екендігін ең бірінші  кезеккке қойды.

1946 жылы Қазақстан  Ғылым академиясы құрылып, қазақ елінің дербес ғылым ордасы өмірге келді. Оның тұңғыш  президенті болып әйгілі  оқымысты  Қ.И.Сәтбаев сайланды. Бұл-қазақ ұлтының  интеллектуальдық рухани дамуындағы ірі оқиға және ғылым–білімнің тұлғаны қалыптастыруда  шешуші фактор екендігін ең бірінші  кезеккке қойды.

1917  жылға  дейін Қазақстанда жалғыз  ғылыми-зерттеу мекемесі болды. Ол баршамызға белгілі  Ресей география қоғамы , Батыс-Сібір бөлімінің  Семей бөлімшесі. Академия  құрылғанға дейін  қазақ ұлтынан  бірде-бір ғылым докторы болмаса, 1939 ж. үш-ақ қазақтың ғылым кандидаты атағы болған. Ал он жылдан соң, яғни 1949 ж. ұлт зиялыларының 15 доктор , 70 ғылым кандидаты шыққан.

1926 жылы қазақ ғылым ордасының болашақ жетекшісі  Қ.И.Сәтбаев  Қарсақбайға  келіп еңбек жолын бастайды. Қазақстан ғылымының  даму тарихында  ұлы тұлға  Қаныш Имантайұлын  қанағаттандырған Ұлытау ауданының, Қарсақбай мен Жезқазғанның орны ерекше. Біз оны мақтаныш етеміз. «Менің өмірімнің  ең жарқын жылдары Ұлытау-Жезқазған өңірімен тығыз байланысты. Осы өлкеде жүргізген зерттеулерім мені, қатардағы инженер-геологты академик қылып шығарды», - дейді Қ.Сәтбаев өз естеліктерінде, Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі жуырда Қарсақбай  кентіндегі  агротехникалық колледж базасында ҰҒА құрылғанына 70 жыл, Қ.И.Сәтбаевтың ізбасары  және шәкірті геолог ғалым Мейіз Қанышқызының  туғанына 85 жыл толуына арналған конференция және жаңа көрменің ашылуын өткізді.

Сәтбаевтар әулеті, оның ішінде Мейіз Қанышқызы үшін Қарсақбай ерекше мекен. Ол өзі айтқандай Қарспақбайды балалық  шағының ата мекені санайды. Геология-минерология ғылымының докторы, Жезқазған кентасты аймағының зерттеушісі, мысты өлкенін пайдалы ғылыми негіздерін және өмірінің соңына дейін тәжірибе жүзінде дәлелдеумен айналысқан қанжырлы ғалым 1931 жылы Қарсақбай кентінде дүниеге келген. Осындағы орта мектептің бастауыш сыныптарын бітіріп, геология ғылымында іргелі зерттеулер қалдырған ғалым.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығы, жерлесіміз М.Қанышқызының 85 жылдығына арналған ғылыми конференцияға  қатысушылар үшін ак. Қ.И.Сәтбаев Музей-үйінің жаңартылған экспозициялық залына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Жастар Қарсақбай білім ордаларында әр жылдарда жемісті еңбек еткен ардагер ұстаздармен кездесуге мүмкіндік алды. Олардың Қарсақбай кентіне келуін оқу-ағарту қызметкерлерінің аймақтық кәсіподағы (төрағасы М.Қоңырбаев) ұйымдастырды. Конференцияда Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің технологиялық машиналар және құрылыс кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Б.Қ.Мақашев, Қарсақбай агротехникалық колледжі директорының орынбасары К.Тілеубергеновалар баяндама жасады. қазССР Халық ағарту ісінің үздігі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Ж.Бәйішев, музей ісінің ардагері В.А.Машинскаялар естеліктерімен бөлісті. Конференция жұмысына «Ұлытау ауданыдқ ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы А.Қ.Сакипов, Ұлытау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Жандарбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Әбдірайымов, аудандық мәслихат депутаттары Е.Есетов, Қ.Маткенов, Жезқазған қалалық архивтің басшысы Б.Байжантаев, ардагерлер Т.Мұқанов, А.Маменов, Ұ.Қожасов және Жезді, Қарсақбай кенті жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, жастар тәрбиесі жөнінде пікірлерін білдірді.

Қазақ ғылымы және Қаныш Имантайұлы жайлы әңгіме болғанда оның бүгінгі күннің мақсатымен өзектес пікірлерін айта кетсек артық болмас. Әсіресе Ұлытауда туризмді дамытуға қатысты ойлары. 1950 жылдардың өзінде Қ.Сәтьаев Ұлытауда үлгілі (образцовый) куртрт-санаторий ашу мәселесін бірнеше көтерген. Емдеу мен демалысты ұйымдастыру үшін үш бағытты ұсынды: бірінші – қымызбен емдеу; екінші – Ұлытаудың тумса табиғаты мен емдік шөптеріне негізделген омарта шаруашылығы; үшінші – бау-бақша кәсіптілігі. Ойлантарлық мәселе. Әсілі, ұлы ғалым еңбектерін бүгінгі заман тұрғысынан қайтадан бір зерделеп шықсақ артық болмас еді. 

З.Нұрмағанбетова,
Жезді кентіндегі М.Төрегелдин
атындағы тау-кен және балқыту
ісі тарихы музейінің маманы.