Жезді кентінің 75 жыл тарихында, кенттің өндірісі мен  құрлыс саласына зор  үлес  қосқан  Жездінің  елі  сыйлап, құрметті азаматының бірі, белгілі  құрлыс ісін  басқарушы инженер Колесов Жан Семенович.

Ол кісінің басқаруымен Жезқазған, Жезді, Ұлытау өңірінде бірқатар ауылшаруашылық, өндірістік-әлеуметтік  және тұрғын үй нысандары салынып халық игілігіне берілген. Өзінің саналы ғұмырының  40 жылдан астамын құрлыс саласына арнап Жезді кентінің өсіп дамуына еңбек еткен зейнеткер ағамыз қазірде Жезді кентінде өмір сүріп жатыр. Ол кісінің әңгімесін тыңдасаңыз Жездінің өсу тарихынан көп мәлімет біліп, үлкен әсер алар едіңіз.

         Колесов Жан Семенович 1937 жылы Украина жеріңдегі  Днепропетровскінің инженерлік – құрлыс институтын  ойдағыдай бітірген соң, жолдамамен Жезқазған қаласының «Казмедьстрой» трестіне жұмысқа жіберіледі. Өзінің еңбек жолын  «Супромстройда»  құрылыс мастері ретінде бастап, 1960 - 62 жж. аралығында  Жезқазған қаласындағы № 2 байыту фабрикасында құрылыс жұмыстарын жүргізді. 1962 жылдың тамыз айында тресттің  жолдамасымен Жезді кентінде салынып жатқан Жезді кен басқармвсының байыту фабрикасына аға прораб болып жұмысқа келді. Осы байыту фабрикасын салу жұмыстарына басынан аяғына дейін қатысып, 1966 жылы  құрлыс объектісі толығымен  өндіріске берілгенше құрлыс-жөндеу жұмыстарын  жүргізді.

         1966 жылдан бастап Ж.С.Колесовтың басшылығымен Қарсақбай, Жезді поселкелерінде бірнеше құрлыс объектілері салынып, халық игілігіне берілді, атап айтсақ Қарсақбай кентіндегі ауылпарткомның кеңсесі, бірнеше тұрғын үйлер, Жездідегі кентіндегі тұрмыстық- комбинат үйі,  «Мереке»  сауда орталығы, бірнеше көпқабатты үйлер, сол сияқты ветеренарлық қызмет көрсету станциясы  Жан Семенович Колесовтың прораб болып салдырған объектілері.

         Ж.С.Колесов Жезді кен басқармасының Орталық шахтасын салуда да өз үлесін тигізген құрлыс инженері. Орталық шахтаның жерасты машиналар ғимараты, компрессор үйі, 35 квт подстанциясы, шахтаның әкімшілік ғимараты, вентствол, орталық қазандық Жан Семеновичтің іскер басқаруымен салынған құрлыс нышандары еді.

         Жезді кен басқармасының күрделі құрлыс бөлімінде  инженер болып жұмыс істеп жүрген кезінде байыту фабрикасының «Үшқатын» желісін салуға ат салысты., тағы да басқа коммуналдық-құрлыс нысандарын салып, құрлыс жұмыстарына басшылық жасады. Колесов Ж.С. Ұлытау-Жезді өңірінің құрлыс жұмыстарына еңбегін сіңірген белгілі құрлыс инженері ретінде көпке белгілі болып аты шыққан адам. Қазір жасы 82-ге келсе де, Жан Семеновичтың жүрісі ширақ, қимылы жылдам. Үйдегі, сыртағы шаруаларының бәрін өзі істейді екен. Әлі де газет, журналдар оқып,  кроссвород шешемін дейді.

           Жезді де саналы ғұмырын өткізіп, шуақты  ғұмыры кешкен Жан Семенович бұл жерден басқа жаққа көшіп, жайлы тұрақ іздегісі келмейтінің айтып отыр.

         Жан Семеновичтің жұбайы Аза Кирилловна да жезділіктер үшін өте аяулы, мейірімді  абзал жан еді. Өкінішке орай, ол кісі ортамызда жоқ, өмірден озғанына үш жылдай болды.

           Колесова Аза Кирилловна 1938 жылы Украинаның Кременчуг қаласында дүниге келген. 1960 жылы жоғарғы оқу орнының бітіргеннен кейін жолдамамен жұбайы Колесов Ж.С. екеуі Жезқазған қаласында  жұмыс  істеп, 1962 жылы Жезді қалашығына көшіп келді. Ол кезде Жезді кен басқармасына  қарасты кен байыту фабрикасы салынып жатқан кез, жұбайы осы фабриканы салу құрлыс жұмыстарында прораб  болып жұмысқа кіріскен соң, Аза Кирилловна құрлыс  мердігері трест «Казмедстройдың»  Жездідегі «Су-Промстрой» бөлімшесінде кадрлар бөліміне жұмысқа орналасады. Кейін Жезді кен басқармасының  кадрлар бөліміне ауысып, зейнетке  шыққанша  осы мекемеде жұмыс істеді. Аза Кирилловна жұмысына өте ұқыпты, қандай да бір ісқағаз жұмыстарына  жауапкершілікпен қарайтын, өте білімді, мәдениетті адам еді. Жезді кен басқармасының қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, қандай да болмасын қоғамдық тапсырмаларды ұқыпты орындап жүрді. Штаттан тыс Жезді кен басқармасының тех.кітапханасының меңгерушілік жұмысын абыроймен жүргізіп отырды. Жезді кен басқармасының парткомитеттің бюро мүшесі болды. Кәсіподақ комитетінің жұмысына да белсенді араласты. Ол кісінің басқаруымен  өндірістің мамандары өз кәсібі біліктіліктерін , білімдерін арттыру үшін  Челябинск, Кривой Рог, Екатеринбург қалаларының кәсіби оқу орталықтарына барып оқып, келіп отыратын. Еңбек жолында ұжымның үлкен ықылас құрметіне ие болды. Мәдени-көпшілік жұмыстардың бел ортасында жүретін еді, шерулер мен мерекелерде, хордың құрамында ән салғанды жақсы көретін еді. Кітапты көп оқитын, сурет салу, қолөнерден де хабары бар кісі болатын. Жезді кен басқасқармасының құпия бөлімінің  меңгерушісі болып, іс-қағаздарын мұқият және ұқыпты жүргізді, керек кездерде  хатшы-машинист, стенографистте болып кететін еді.

            Жұбайы Колесов Ж.С. екеуі екі ұл сүйіп, тәрбиеледі. Қазір кіші ұлы Германияда, үлкенінің бала-шағасы Павлодар қаласында тұрады.

 Жастайынан еңбектің парқын ұғып, жастық жігерін өндірістік-азаматтық құрлысқа арнаған Жан Семеновичтің денсаулығы жақсы болып, әлі қажырлы қуатты екеннің көріп іштей қуанып марқайасың.

         Жездіміздің  қадірлі құрлыс ардагері   Ж.С.Колесов ағаамыздың өмір жасы ұзақ болса  екен.

 

 

 

 

М.Төрегелдин атындағы тау-кен және

 балқыту ісі тарихы 

музейінің әдіскері М.Уатаев