Қ. СӘТБАЕВ – 125 ЖЫЛ: Ұлттық музейде халықаралық конференция мен көрме өтті

2024 ж. 19 сәуірде ҚР Ұлттық музейінде көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт мақтанышы – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен көрменің ашылу салтанаты өткізілді. М.Төрегелдин музейі «Қаныш және Қарсақбай: геология ғылымының бастауында» тақырыбындағы баяндамамен және ұлы тұлғаның Жезқазған, Қарсақбай, Ұлытау аймағындағы өмірі мен қызметіне қатысты сирек қор жәдігерлері көрмесімен қатысты. Жиын Ұлттық музейдің бас ғимаратында ұлт мақтанышы Қаныш Сәтбаевқа арналған көрменің ашылуымен басталды.

Конференцияда ҚР Парламенті Сенатының депутаты,  профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, А.Нұқұлы, ҚР ҒЖБМ «Мемлекет тарихы» инстутының директорының орынбасары, т.ғ.д. А.Ғ.Бүркітбай,  Л.Гумилев ат ЕҰУ, профессоры, т.ғ.д. Т.С.Садықов,  Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің басшысының м.а О.А.Скальчук, Қ.Сәтбаевтың немересі А.В.Третьяков, Тәжікстаннан т.ғ.к. А.Пулод, Томскіден г-м.ғ.д, профессор Е.Г.Язиков,  Л.Гумилев атындағы ЕҰУ т.ғ.к. профессоры Қ.Ғ.Дәркенов, Ш.Ш.Уәлиханов ат. инст. жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к.,  Г.Қ.Мұқанова, Қазақстанның Құрметті металлургі, «Қазақтың Кетбұғасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ғалым Т.Н.Бүкіров, Академик Қаныш Сәтбаевтың Баянауыл мем. музейінің басшысы Қ.Қ.Әбілғазин, Қазақстан Ұлттық Консерваториясының профессоры Ш.Қ.Әбілев баяндама жасады.

Көрмеде Қ. Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат беретін 100-ден астам жәдігер ұсынылған. Фотосуреттердің маңызды бөлігі Қ. Сәтбаевтың отбасылық суреттері, студенттік өмірі, ең алғашқы қызмет жолын бастаған Қарсақбайда барлау жұмыстарын жүргізуі, Жезді кенішін ашылуын қамтиды. Экспозиция Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейі (Алматы), Қ.И. Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық музейі, Қарсақбай кентіндегі Қ.И. Сәтбаевтың музей-үйі қорларынан ұйымдастырылды.