Қазақстанның археология және этнография мектебінің негізін қалаушы, энциклопедист ғалым Ә.Х.Марғұланның туғанына 115 жыл. Ә.Марғұлан ұлт тарихын зерттеуге құлай беріліп, өз еліне адал қызмет етуді мұрат тұтты.

Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға, ғұлама ғалымның еңбегі еліміз үшін баға жетпес байлық, асыл мұра. Осыған байланысты Сәтбаев қаласы Ш.Ділдебаев музейінде «Ә.Х.Марғұлан және дала мәдениеті» атты ғалымның еңбектері мен зерттеулерінен сыр шертетін жылыжымалы көрме жұртшылық назарына ұсынылды. Өлке тарихын оқып-үйренуде Сәтбаев қаласының барлық мектеп оқушылары көптеген құнды деректермен танысады деген үмітпен тақырыптық көрме 11-30 қараша аралығында өз жұмысын жалғастыратын болады.