Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 21.12.1988 жылғы № 285-р Жарлығы бойынша ұйымдастырылған. Мұражай қоры 1986 - 1988 жылдары жергілікті өлкетанушы М.Төрегелдиннің бастамасымен Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының ғылыми-зерттеу бөлімі болып ашылған кезеңінен жинақтала бастаған. Мұражай Сарыарқаны басып өтетін ежелгі керуен жолдары мен орта ғасырлардағы Ұлы Жібек жолының Ұлытау арқылы Ресейге шығатын маңызды тармағында орналасқан.

Өзінің тақырыптық ерекшілігі, экспозициясының құрылымы, жәдігерлерінің құндылығы жөнінен Орта Азия, ТМД елдерінде кездеспейтін бірегей орталық болып есептеледі.

2019 ж.13 желтоқсанда №6 Жезді ЖББТМ РО  акт залында мектеп музейінің жетекшісінің ұйымдастырумен Тәуелсіздік күніне орай мазмұнды іс шара өтті. Шараны ұйымдастыру барысында музей жетекшісі Г.Абылаева Жезді музейімен бірлесіп, Тәуелсіздік мерекесінің мазмұнын ашатын тақырыптық лекция ұйымдастыруды ұсынды.

Жоспарлы шаралар бойынша «Dáýir jáne tulǵalar» тақырыптық лекциясы Алаш ардақтыларының тағдыры мен биыл бір ғасырлық мерейлі мерекесін атап өткен «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихына арналған көрменің деректерін мектеп шарасына ұсынуды жөн көрдік. Оқушылардың ұйымдастыруымен дайындалған Желтоқсан оқиғасы жайлы сахналық көрініспен басталған шарада музейдің бөлім меңгерушісі Ү.Қапарова мектеп оқушыларына  ғасыр ақпараты «Егемен Қазақстан» жайлы әңгімені 1991 ж. қазақ елінің тәуелсіздігін әлемде қалай қабылдағаны жайлы бейнематериалмен бастады. Баян Өлгей қазақтары Тәуелсіз елдің басшысы жайлы газеттен  оқып сүйіншілесе,Түркия елінде БАҚ радио арқылы естігенде қуанған Х.Алтай бабаның шүкіршілік етуін бейнелеген деректер әсерлі болды. БАҚ арқасында әлемде жаңа Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындағаны жайлы хабар таралған еді. Ал қазақ даласында елдің мұңын, дауын айтатын, білім тарататын«...  халықтың көзі, құлағы һәм тілі»газет болатыны айтқан А.Байтұрсынұлы еді. Алаш арыстарының 1905 ж. бастап ұйымдастырып, 1913-1918ж.ж. небәрі 5  жыл жарық көрген «Қазақ» газетінің басында Әлихан Бөкейхан тұрғанын білеміз. 1919 жылғы 17 желтоқсанда Орынборда «Ұшқын» атауымен басылып шыққан газетте еңбек еткен алаш журналистері, ай сайын ауысып тұрса да елдің жаңалығын жариялап, қуғын сүргінге ілігіп, атылған, редақторлар  ХХ ғ. басындағы өсіп шыққан журналистер, тұтас бір буын қазақтың жас азаматтары сол «Қазақ» газетінің шекпенінен шыққан еді. Х.Есенбаевтан бастап, Б.Күлеев, Т.Сафиевтер одан кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ» т.б. атаулармен жарық көріп, Ұлы дала мұраларын бір ғасыр түгендеп, елге танытып отырған газеттің қазақ үшін маңызын арттырған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Садуақасов, Т.Рысқұловтай арыстарымыздың тағдыры газет тарихы арқылы әңгімеленді. Алаш арыстары, Дәуірдің басты тұлғалары есімдерін жыл сайын еске алып, жас ұрпақ санасына сіңірудің маңызын шараға қатысушылар атап өтті. Жезді музейінде Ғасыр ақпаратының тарихына арналған жаңа көрмеде жұмысын бастады. «Dáýir jáne tulǵalar», «Аlash jýrnalisteri» «Alash kitaphanasy» және «Uly dala muralary» айдарымен музей қорының латын графикасы, төте жазу үлгісінде жарық көрген баспа өнімдері, аймақтағы БАҚ еңбек еткен жергілікті журналистер жайлы деректер мен Алаш арыстарының кітапханасынан М.Дулатов,А.Байтұрсынның «Әліпбиі», Ә.Бөкейханның еңбектерінің жаңа басылымдары, М.Әуезов, Б.Майлиннің, С.Сейфуллин мен І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, Мұқан Иманжанов томдарынан бастап Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев,  А.Сейдімбектің еңбектерімен оқып танысуға болады. «Егеменде» соңғы 20 ішінде жариялаған, музейдіңархивтік қорында жиналған мақалалары менгазеттееңбек еткен аймақ журналистерінің Жездідегі музей жайлы деректермен де көрмеден оқып танысуға болады.