2019 жылдың 7-8 қараша күндері өткен «Индустрия – 4 STEAM білім берудегі технологиялар» атты Ө.Байқоңыров атындағы ғылыми-практикалық конференция шеңберінде Жезді кенті мектептерінің «Өлкетану» курсы сабақтары М.Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі базасында өтті.

№6 ЖББМ-тің тарих пәні мұғалімі Р.Қасмедина және  ғылыми зерттеулер, экскурсиялық бөлім жетекшісі Ү.Қапарова 5 сыныпты «Қола дәуірі мәдениеті» тақырыбының қорытынды сабағын музейге саяхат және практикалық жұмыс түрінде ұйымдастырды. Қола дәуірінде Ұлытау-Жезқазған  өңірінде қалыптасқан тау-кен және металлургия ісі  жайлы құнды деректерді зерделеген оқушылар ежелгі дәуірде тас құрал жасау және саз балшықтан қыш құмыра дайындау әдісін сабақ барысында өз қолдарымен жасады. Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында айтылған ежелгі металлургияның отаны біздің өлкемізде болғанын академик Ә.Х.Марғұлан еңбектерінен танысқан оқушылар, аң стилі мәдениеті де металл қорыту, құйма жасау арқылы жасалғанына музей экспозициясы арқылы көз жеткізді.