Қазанбаева Зейпін Зікірқызы
Құрметті музейге келушілер!

Ғасырлар ғасырларға ұласып, ұлы далада өркениеттер алмасып жатты. Бірақ ата-бабадан мирас болған шеберлік дәстүрі – металл балқыту кәсібі айтарлықтай өзгеріссіз бізге жетті. Адам баласы  ықылым  замандардан бастап өзінің айналасында, қазіргі біздің әлемге ұқсас, қайталанбас тіршілік ортасын қалыптастыра білді. Тылсым табиғатта ол алғаш қолданған материал кәдімгі тас, металл, одан қорытылып алынған мыс. Жеті қат жер астындағы кен желілері, тіршіліктің күретамыры секілді. Адам қолы тиген сәтте бүлкілдеп жан бітеді. Ендеше музейге келіңіз, сол талсым тарихқа бірлесіп жан бітірейік. Сізді музейде күтеміз!